Талдықорғанда өткен педагогтердің тамыз кеңесі » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42 -04-16
Есепші бөлімі:
+7(7282) 42 -04-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Талдықорғанда өткен педагогтердің тамыз кеңесі
16
август
2024

Талдықорғанда өткен педагогтердің тамыз кеңесі

Биыл Жетісу облысында 2400 орынды 5 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде Көксу, Ақсу, Алакөл, Панфилов аудандарындағы 4 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен педагогтердің тамыз кеңесінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

☝🏼 Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында облыста 4800 орынды тағы 5 мектеп салу жоспарланған.

✅ Атап өтсек, 5 мектеп Алакөл ауданының Үшарал қаласында, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында, Талдықорғанның 3 шағын ауданында тұрғызылады. Жалпы келесі жылы салынатын мектептердің саны - 6. Оған қоса былтыр материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2,9 млрд. теңге бөлінген. Өткен оқу жылында жаңа модификациялық үлгідегі 45 пән кабинеттері сатып алынса, бүгінгі күні жоспарланған 78 кабинеттің 51-і орнатылды. Сол сияқты оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сатып алуға 1,6 млрд. теңге қарастырылды.